Previous Page  191 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 191 / 208 Next Page
Page Background

191

Таңдамалы әңгімелер

Келген періштелер қабірдегі екеуге қарап: «Мына

жерде екі адам жатыр екен. Біреуі – өлі, екіншісі – тірі

екен. Өлісі қайда қашар дейсің, кел, тірісінен жауап

алайық» деп кедей байғұсты бүкіл өмір бойғы істеген

тірліктері үшін жауапқа тартса керек. «Мына арқанды

қайдан алдың? Онымен не істедің? Қашан, қай жер-

ге не апардың? Бұл өзіңдікі ме, өзгенікі ме?» деген

сұрақтарға жауап берумен пақыр-екең таңды әрең аты-

рыпты. Бір ғана арқанға жауап берем деп қиналған ке-

дей байғұстың есі шығып, үсті-басы әбден қара терге

малшыныпты. Бір ғана арқанның есебін бере алмай есі

шыққан ол ертесі өзін «Байдың жарты байлығына ие

болдың!» деп, құттықтай келгендерге: «Ойбай-ау, мен

түгім жоқ тақыр кедей бола тұра бір ғана арқанның

есебін бере алмай таңды көрер көзбен әрең атырып

әбден сілікпем шықты. Сендер маған қалайша сонша

байлыққа ие бол дейсіңдер?! Қой, айналайын, ондай

байлықтарың бар болсын. Аулақ!» деп азар да безер

болып ат-тонын ала қашқан екен.

От пен топырақ

Жаратушыға деген сенімнен ада, Құдай жоқ деп

парықтайтын біреу діндар бір ғалымға келіп мынадай

үш сұрақ қойыпты:

– Аллаһ бар болса маған көрсетші?

– Аллаһ маңдайына жазып қойса, адам неге жаза-

ланады?

– Шайтан өзі оттан жаратылса тозақ отына қалай

күймек?

Байсалды қалпын бұзбастан оның сұрақтарын

тыңдап болған ғалым жерден бір кірпіш сынығын алып