187
Таңдамалы әңгімелер
шексіз құдіретің мен мейіріміңе арқа сүйеп барып та-
стап, бір өзіңе аманаттамақпын. Оларды өсіріп, өндіріп,
берекетті қыла гөр! О, Жаратқан, біз сенің көмегіңе
мұқтаж пендеміз...».
Дұға біткенде Ермек те әкесінен көргенін істеп,
кішкене қолдарымен бетін сипап, «әумин!» деді. Сол
күн Ермек үшін ұмытылмастай қызықты болып өтті.
Ол да әкесі секілді уыс-уыс дән шашты. Жерді соқамен
жыртқан сайын әлгі дәндердің топырақтың астын-
да қалай жасырына қоятындығына көз алмай қарап,
қызықтаумен болды.
Кешке үйге келгенде сол күнгі көргендерін
түгелдей шешесіне айтып берді. Ағалары болса, бұл
таңғала әңгімелеген нәрселерді күлкіге айналдырып,
келемеждесті.
Қали ағаның егістік жерімен қоса бір бақшасы
да бар еді. Сол жылы егінімен бірге әлгі бақшасы да
жақсы жеміс берді. Күз келгендіктен бірнеше күннен
кейін жемістерді жинау керек. Ертеңгі аста сол жайтты
тілге тиек еткен баласы:
– Әке, – деді аса жақтырмаған кейіпте, – жемістерді
жинап алып, жылдағы әдетің бойынша биыл да елге
таратып бермейтін шығарсың?!
Әкесі күлді.
– Әркім өз ризығынан дәм татады, балам. Әрине,
мұқтаж адамдарға керегінше беремін.
Ортаншы баласы да ағасының сөзін қоштап сөзге
араласты.
– Ала жаздай терді біз төгіп, қызығын бөтен ел
көру керек пе?! Одан да сатып өзімізге ақша жасамай-
мыз ба?!