183
Таңдамалы әңгімелер
Ата-анаңды құрметте! Үлкендер жүрген жерде
берекеттің қатар жүретінін ұмытпа!
Бұ дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар
болсаң, жап-жасыл болсаң да қурап, шөлге айналасың.
Ақжарқын бол, ашық айт. Өзіңе қаратылған сөзді
көңліңе ала берме. Көпбілемдікке салынба, әр
көргеніңді айта берме.
Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген
сый-құрметтен айрыларсың.
Үш кісіге жаның ашысын:
Надандар арасындағы ғалымға,
Байлығынан қол үзген кедейге,
Құрметке ие болып жүріп абыройынан бір-ақ
күнде айрылған пендеге.
Жоғарыдан орынға ие болғандардың жердегілер
секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа!
Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!»
Ана өсиеті
Исламға дейінгі кезеңде өмір сүрген Үмамә деген
ақылды әйел қызы Үнасты Кинда патшасы Хариспен
үйлендіргенде, әлі күнге құны ескіре қоймаған мына-
дай өсиет айтқан екен:
«Қызым, егер бір қыз ата-анасының байлығы
жеткілікті болып күйеуге шығуды қажетсінбейтін
болса, онда бәрінен бұрын оған сен лайық болар едің.
Алайда өмір заңы басқаша, ер адам қалайша біз үшін
жаратылса, әйел де о баста ер адам үшін жаратылған.
Қызым, сен өзіңді туып, аялап өсірген әке-
шешеңнің ұясынан ұшып, жат жұртқа кетіп бара
жатырсың. Ендігі уақытта сен күйеуіңе бағынып, оның