Previous Page  182 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 182 / 208 Next Page
Page Background

182

Тағылым тамшылары

де, би: – Қалайша менің кінәм жоқ, сен алған аттың

ауру екенін біле сала кеше мені іздедің, ал мен өз ор-

нымда отырғанымда, онда барып атты сатқан иесіне

қайтартып, ақшаңды алып берер едім. Мені кеше

таба алмауың себепті сен бүгін осындай күйге түсіп

қиналып отырсың. Сондықтан бұл жердегі үлкен кінә

– ол менде, сол үшін де өз кінәмді мойындап, өлген

аттың ақшасын мен төлеуім керек, – деп түсіндірген

екен.

Тура би қашанда туралығын көрсетпек.

Жеті ғасырлық насихат

Төмендегі жазу – атақты ислам ғалымы Шейх

Әдәб-Алидың насихаты.

Бұл насихаттың жазылғанына арада аттай 700 жыл

өтсе де әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы,

одан бергі заман ағымына қарамастан, өміршең қалпын

сақтауы, шындығында да, таңғаларлық жайт.

«Балам, таң қылаң бере туылып, кешкі азан

оқылғанда өлетін адамдар болады.

Ашуланғанда өзіңді баса біл! Бойыңдағы күш-

қуатпен пен ақылыңды қалай өз жөнімен қолдану

керектігін, ауыздағы сөзді де қашан, қай жерде,

қалай айту керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел

соққандағы қалтыраған қауқарсыз жапырақ кейпіне

түсерің анық. Ешқашан ашуың мен нәпсің бір жақ

боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, сөз

бен ісіңе тұрақты бол, өз еркің өз қолыңда болсын.

Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен

емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің

парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз.