Previous Page  180 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 180 / 208 Next Page
Page Background

180

Тағылым тамшылары

әкесі хан елдегі ең данышпан деген кісіні шақыртып,

оған баласын бұндай босаңдықтан арылтуды қатаң

тапсырыпты.

Баланы қайтсем жөнге келтірем деп шақшадай

басы шарадай болып шарасыз күйге түскен данышпан

қанша шарласа да бұған ешқандай дауа таба алмаса ке-

рек. Ең соңында тым болмаса, өз басын аман алып қалу

үшін алыс елге қашып кетуді ұйғарыпты.

Дорбасын арқалап ел сыртындағы бір қырға жет-

кенде, қой жайып жүрген бір балаға кездесіпті. Бала

әлгі данышпанға: – Бүгін өзіммен бірге тамақ алуды

ұмытып кетіппін. Мен ауылға түсіп қайтқанша сіз

малдарыма қарап беріңізші? – деп жатып кеп өтініпті.

Бала өтінішін жерге тастай алмаған данышпан келісіп,

өрістегі малдарға қарап қалыпты.

Бала кете сала-ақ мал ішінде ойнақтап жүрген бір

лақ байқаусызда тереңірек бір жыраға түсіп кетіпті.

Малға қарап отырған данышпан өзіне табыстап кеткен-

нен кейін ұялғандықтан жыраға түсіп, әлгі лақты алып

шықпақ болып әрекет жасай бастапты. Лақты жыра-

дан сыртқа алып шығу оңайға соқпапты. Көп әуреге

түсіп жүріп, өзінің жүрегі аузына тығылып қашып келе

жатқанын, еңсесін басқан зіл уайымды, патша әмірінен

қатты қорыққандығын – бәрін де ұмытып кетсе керек.

Ақыр соңында ақ тер, көк тер болып, лақты арқасына

байлап жатып әрең сыртқа алып шыққан данышпан бұл

әрекеттен өмірдің бір шындығына көз жеткізгендей

болыпты.

Қойшы бала тамағын алып ауылдан шауып кел-

генде, малын өзіне табыстаған данышпан дереу еліне

қайтыпты. Келе сала патша ордасына ат басын тіреп: –