Previous Page  175 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 175 / 208 Next Page
Page Background

175

Таңдамалы әңгімелер

бастап құлдық ұрып, құлшылығымды жасайтын бола-

мын, – деп жалынды.

Сол күннен бастап: – Я, Аллаһ тағала! Маған о

дүние мен бұ дүниемді бақытты ететін діндар әйел

нәсіп еткеніңе көп шүкіршілік айтамын. Мені кешіре

гөр! – деп дұға ететін болды.

Ал оның иманды әйелі болса: – О, Жаратқан!

Ертелі-кеш аузымнан тастамайтын дұғамды қабыл

алып, күйеуімді тура жолға түсіргеніңе мың да бір

шүкір, – деп дұға етті.

Сынақтардан сүрінбеген кедей

Кедей жұмысшы бір күні жұмысынан қуылды.

Оның үстіне бала-шағасы да үш күннен бері нәр

татпаған-ды. Күн көретін басқа табыс көзі де жоқ. Қай

жерге барса да «Жұмысжоқ»дегенбір ғана сөзден әбден

ығыр болды. Ішектері шұрқыраған бала-шағаларының

жағдайын әйелі де қайта-қайта тілге тиек етіп, құлақ

етін жеп бітті. Қайтсін, қолдан келер қайран жоқ! Ең

соңында, әйелі келін болып түскенде таққан әдемі ора-

малын еріксіз күйеуінің қолына ұстатты да:

– Мә, мынаны бір сатып көр. Қаншаға өтсе де

мейлі. Бала-шағаны қашанғы аш ұстаймыз. Аллаһ

тағала жомарт қой, бір ретін келтірер, – деді.

Күйеуі қысыла-қымтырыла әйелінің сандықта

жатқан су жаңа орамалына амалсыздан қол созды. Ора-

малды екі дирхамға сатып үйіне қайтты. Қолындағы

ақшасына жолай базарға соғып, бала-шағасына

тіске басар бір нәрселер алмақ болды. Бірақ базарға

жақындағандажолүстіндеотырғанқайыршыныкөрмей

өту мүмкін емес еді. Даусы да сүйектен өткендей ащы,