Previous Page  174 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 174 / 208 Next Page
Page Background

174

Тағылым тамшылары

Іштей: «Бұныжақсылап тұрып қатырайын, қайтер екен?

Содан соң көрсетейін көресесін» деп күбірлеген күйі

әйеліне жала жауып, жазғырудың жолын қарастыра ба-

стады. Құдай алдында бас иіп иманға келмегендіктен,

оның жүрегін әлдеқашан осындай бықсыған арамдық

жайлап алған-ды.

Әйелін шақырып оған бір кесе алтын берді де: –

Мынаны бір жерге тығып қой! – деді. Әйелі күйеуінің

айтқанын екі етпестен «бисмиллаһ» деген күйі алтын

толы кесені үйдің бір жеріне тығып қойды. Ал күйеуі

оны сырттай аңдып тұрып, алтынды әйелінің қайда

жасырғандығын біліп алды. Артынша әйелінің көзін

ала беріп жасырған жерден алтынды алды да кесесін

суы бар терең бір құдыққа тастай салды. Арада көп

өтпей жатып әйелін қайта шақырды да: – Әнеукүнгі

саған берген алтынды қайтып әкел, – деді. Әйелі

жүгіріп барған күйі өзі жасырған жерге «бисмиллаһ»

деп қолын сұқты. Әйелдің шын ықылас-пейіліне

Аллаһ тағала разы болғандықтан, бар алтын мұрты

бұзылмаған күйі кесесімен бірге сол орнында тұр

еді. Бірақ кеседен су тамшылап тұрды. Әйел кесенің

неліктен су болғанын түсінбестен, алтынды алған күйі

күйеуіне әкеліп берді.

Алтын толы кесені бәз баяғы қалпында көргенде

күйеуі есі шыға таңғалды. Сөйтті де әйелінің істеп

жүрген тірліктерінің қаншалықты шындық екендігіне

осы жолы анық көз жеткізді. Қипақтап әйеліне қараған

күйі:

– Саған осы уақытқа дейін қаншама қиянат жаса-

дым. Менің барлық пендешіліктерімді кешірші? Шын

тәуба етіп, Аллаһтан да кешірім сұраймын. Осыдан