Previous Page  170 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 170 / 208 Next Page
Page Background

170

Тағылым тамшылары

Бірден үйіне қарай бет алды. Алайда дәл осы мезет

ту сыртынан естілген өктем дауыстан тұрған орнында

қатты да қалды. Ол дауыс:

– Айт, тез, андағы нанды қайдан алдың? – деді.

Бұл байғұс жаңа ғана шыққан үйін қолымен

нұсқады.

Қабағы онсыз да қату әлгі кісі ашуланған күйі:

– Бәсе, – деді, – мынадай заманда басқа кімнің үйі

елді жарылқап нан береді дейсің?!

Сөйтті де үйіне барып:

– Қайыршыға нан берген қайсысың? – деп

айғайлады.

Әйелі байғұс қатты қорыққандықтан, жең ұшымен

қызын көрсетті. Онысы – қызына жаны ашыр, басы

артық қылыққа бара қоймас деген ойы еді. Алайда

қыздың әкесі сараңдық пен ынсапсыздықтың ауруы-

на мықтап шалдыққан-ды. Сондықтан да болар ойла-

нып жатпастан, босағада тұрған таяқпен «нан берген

қолың осы болса» деп қызының қолынан оңдырмай

салып қалды. Қыздың баж еткен даусы қатты шықты.

Өйткені, онсыз да нәзік қолы сол мезет сынып кетіп,

өмірлік мүгедек болып қалған-ды. Оған қарап жатқан

әке бар ма?! Ол өз ісін іштей дұрыс деп түйді, «елдің

бәріне нан тарата берсем бұл үйде нан қала ма» деп

ойлады.

Алайдаоныңбірнәрсені ақылға салыптаразылауға,

түйсінуге парасат-пайымы жетпеген еді. Ол – өзіне

нәсіп етілген әрбір нығметке шүкір ету қажеттілігі еді.

Яғни адам баласы әрқашан Аллаһ тағаланың маңдайға

бұйырған әрбір жақсылығына іштей шүкіршілік

қылып, соны біліп жүруі керек. Өйткені шүкір ету