Previous Page  169 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 208 Next Page
Page Background

169

Таңдамалы әңгімелер

Бұл жолы көзіне қуаныштан жас алып, балаша мәз

болған қарт әлгіндегі алма ағашына жеткенше асықты.

Келе сала оны айналып-толғанып, кең құшағын төсей

құшақтаған қарт: – Күнім, әшейін, – деді иегі кемсеңдеп

жылаған күйі, – айналайын, балам, жарығым! Ұмытшақ

мен байғұсты ренжітпей тұрып-ақ білдірсең болмас па

еді?! Бүгін Ораза айының алғашқы күні екен ғой?!..

Қолы сынған қыз

...Бағдатта елді аштықтың қатты бір тықсырған

кезі.

Бұл қиын жағдай әсіресе қолындағы арқанымен

әркімнің жүгін тасып, солардың ұстатқан азын-аулақ

тиын-тебенімен

күнелтетін

жүктасығыштардың

қабырғасын қайыстырып, жандарына қатты батты.

Бір күні қатты ашыққан жүктасушының бірі

дәулетті үйдің жанынан өтеді. Есік алдындағы тандыр-

да жаңа піскен нанның мұрын жарған иісіне шыдамаған

ол:

– Неше күннен бері нәр татпаған мен бейбаққа

Аллаһ разылығы үшін бір үзім нан беретін жан болар

ма? – деп дауыстады.

Тандырдың қасындағы шешей жаңа піскен ып-

ыстық күлшеден бірін қызына беріп, «Ана кісіге ұстат»

деді. Қызы бір ауыз сөзге келместен ыстық күлшені

әлгі адамның қолына ұстатты.

Оның қуанышында шек жоқ. Неше күннен бері бір

күлшеге зар болып еді. Енді міне сол тілеуін Құдай аяқ

астынан берді деген сөз.