166
Тағылым тамшылары
Ол кісі де «шақырғаннан қалма» демекші, бірден-
ақ келісімін береді. Хан сарайындағылар енді қайтер
екен дегендей нәтижені тыпырши күтеді.
Әне-міне дегенше, табақ-табақ ет тарты-
лып, Нығметуллаһ та, уәзірлер де аса бір тәбетпен
алдарындағы асты жеп бітіреді. Нығметуллаһ болса,
арасында Аллаһ тағаланың берген нығметіне жиі-жиі
шүкір етіп отырады.
Әбден болды-ау деген кезде Шахырух жымиып:
– Оу, сіз «Харамнан қашатын құлдарын Аллаһ
қорғайды, тіпті харамнанжегізбейді» деген едіңіз.Жаңа
ғана сіз жеген ет бір әйелден күштеп тартып алынған
харам малдың еті болатын. Аллаһ сені сақтамағаны ма,
бұған не дейсің? – депті мысқылдай.
Нығметуллаһ әуелгі қалпын бұзбастан:
– Менің жегенім адал екеніне күмәніңіз болмасын.
Ал, сіздердің жегендеріңіз анық харам. Сенбесеңіздер,
малынан айрылған әлгі әйелді шақырып сұраңдар, –
депті.
Шахырух адамдарын дереу жібертіп, әлгі әйелді
алдыртып, жайып жүрген қозысының мән-жайын
сұрағанда, ол ештеңе түсінбестен:
– Осы жақта Нығметуллаһ деген құдайға қараған,
тақуа, діндар адам жайлы көп естіп, қозымды сол кісіге
беріп, игі батасын алмақшы едім. Соған апара жатқам.
Сіздер болса, менен оны тартып алып, сол кісіге тиесілі
үлесті жеп қойдыңыздар, харам жедіңіздер, – депті.
Харамнан қолынан келгенше сақтанғанды Аллаһ
та сақтайтынын осылайша дәлелдеген Нығметуллаһ
кейіннен Кирманда дүниеден өтті.