Previous Page  161 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 161 / 208 Next Page
Page Background

161

Әулие-абыздар

қиратпақшы болды. Жинаған он мың әскерімен (алпыс

мың екендігі де айтылады), «Махмұд» деген ірі пілмен

қоса тағы да бірнеше пілдермен Меккеге қарай жолға

шықты. Алдынан шыққан ірілі-ұсақты күштерге бой

берместен алға жылжи берді. Тайыф қаласына жет-

кенде әскерлерінің бір бөлігін Меккеге жіберді. Олар

бара сала Пайғамбарымыздың

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

ата-

сы, Құрайыштардың басшысы Абдулмутталибтің екі

жүзден аса түйелерін, онымен қоса сол маңайдағы ел-

жұрттың да бар малын айдап әкетті.

Түйелерін айдап әкете салып, Абдулмутталиб

бірден Әбрахаға жолықты. Түйелерін кері қайтаруды

сұрады. Әбраха: – Менен түйелеріңді ғана сұрап, Қағба

жайлы жақ ашпағаның қалай? Мен оның күлін көкке

ұшырып қиратуға келіп тұрғам жоқ па? – деді. Оған

Абдулмутталиб: – Мен – түйелерімнің ғана иесімін, ал

Қағбаның қорғаушы иесі – Аллаһ тағала, – деп жауап

берді.

Кездесуден кейін Абдулмутталибтің түйелері кері

қайтарылды. Мекке халқы өздерінен әлденеше есе

үстем бұндай күшке төтеп бере алмасын біліп, арадағы

келісім бойынша тауға шегініп, істің немен аяқталарын

тағатсыздана күтті.

Әбраха жасағы ең ірі пілді алға салған күйі

Меккенің шекарасына аяқ басты. Қағбаны жуан

темірлермен шандып байлап, пілдерге тартқызып

жықпақ ниеттерінен әлі қайтпаған-ды. Дәл осы кезде

Әбраханың жол сілтеушілерінің бірі Нүфайл ибн Ха-

биб ірі пілдің құлағынан тартып бірнәрсе деп айтты

да жүгіріп тауға шыққан күйі: – Ей, Махмұд! Алдыға