Previous Page  157 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 157 / 208 Next Page
Page Background

157

Әулие-абыздар

тағаланың әмірімен көктен екі періште түсіпті. Біреуі

екіншісіне:

– Осыжылы 600 мың кісі қажылық жасады. Алайда

бұлардыңбәрініңжасағанқажылығыШамқаласындағы

Али ибн Муаффақ есімді етікшінің құрметі үшін ғана

қабыл болды. Ал, ол кісі қанша жыл талаптанса да

бәрібір қажылық міндетін өтей алмаған көрінеді. Бірақ,

бір ісінің Жаратқанға ұнағаны соншалық, осыншама

адамның құлшылығы соның құрметі үшін ғана қабыл

болды, – дейді.

Абдуллаһ ибн Мүбәрак ұйқылы-ояу тұра сала

таңданып таңдай қаққан күйі бірден керуенге ілесіп

Шамға тартады. Шамға келе сала жаңағы кісіні та-

уып алып шаужайына жабыса кетеді: – Айналай-

ын, қажылыққа бара алмапсың, сонда қандай амал

жасадың? – деп сұрайды.

Али ибн Муаффақ өзін Абдуллаһ ибн Мүбәрак

сынды жұртқа танымал кісінің іздеп келгенін көріп өз

көзіне өзі сенбей есінен танарлық халге түседі. Есін

жиғанда, тілі сөйлеуге келіп өз жайын былай деп ба-

яндайды:

– Отыз жыл қажылыққа барсам деп армандадым.

Елдің аяқ киімін жамап 300 дирхәм ақша жинадым.

Қажылыққа жол тартпақшы болдым. Енді жүрмек

болғанымда, етке жерік аяғы ауыр әйелім: «Көршінің

үйінен ет иісі шығады. Маған сол еттен бір жапырақ

кесіп әкеліп берші?», – деп өтінді. Көңілін қимадым.

Көршіге бардым. Мән-жайды түсіндірдім. Көршім

еңкілдеп жылаған күйі: «Бір апта болды. Балаларым

аш. Тіске басар ештеңе жоқ. Жолдың шетінде өліп

жатқан бір өлексе малды көрдім. Соның қоң етінен