Previous Page  153 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 208 Next Page
Page Background

153

Әулие-абыздар

Әулие мен мәжуси

Әулие Жүнәйд-Бағдади қыс күні мәжуси (отқа та-

бынушы) бір адамның жанашырлықпен құстарға жем

шашып жүргенін байқайды.

Әулие мен мәжусидің арасында мынандай әңгіме

өрбиді:

– Сен құстарға жақсылық жасап жүрмін деп өзіңді

алдап жүрсің. Аллаһ тағала әуелде иманға келуді па-

рыз қылған. Ал жасалған басқа жақсылықтар болса

екінші кезекте қалып қоятындықтан, иманның орнын

ешқашан да толтыра алмайды. Иманға келмей тұрып

істеген сенің бұл жақсылығыңды Аллаһ тағала қабыл

алмайды.

– Мен де білем Аллаһ тағаланың қабыл алмайты-

нын. Бірақ Аллаһ тағала менің бұл жақсылығымды

көреді, біледі, ескереді емес пе?

– Әрине, білетіндігі де, көретіндігі де, ескеретіндігі

де сөзсіз.

– Олай болса, соның өзі маған жетеді, – дейді де

мәжуси өз жолымен кете барады.

Арада біраз уақыт өтеді. Жүнәйд-Бағдади

қажылығын өтемек ниетімен Қағбаны тауап етіп жүріп,

қос қолын көкке көтеріп егіле жылап, Аллаһқа жалба-

рынып жатқан бір адамды көреді. Әлгі адамға үңіле

қарағаны сол екен оның қыс күні құстарға жем шашып

жүрген мәжуси екендігін жазбай таниды. Мәжуси де

оны танып:

– Аллаһтың көрді әрі білді дегені – міне осы, –

дейді де сол жерде тілін кәлимаға келтіріп жан тәсілім

етеді.