Previous Page  151 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 208 Next Page
Page Background

151

Әулие-абыздар

іздей бастағанда ақырын ғана білдірмей араларынан

сытылып шықтым да қашып кеттім

29

...

Пілден құтылған әулие

Аллаһқа бір табан жақын жүрген құлдардың бірі

Абдуллаһ Қаланиси бір жолы кемемен жолаушылап

бара жатып қатты бір дауылға тап болды. «Кемедегінің

жаны бір» демекші, жолаушылардың бәрі естері шыға

осыдан аман-есен құтылар болса бір-бір мал атап

соятындықтарын айтып Құдайға уәде берісті. Олар өз

кезегінде Абдуллаһ Қаланисидың үндемей қалғанын

жөн көрмей оған да бір мал құрбандық шалғанның

дұрыс болатындығын білдірісті. Абдуллаһ Қаланиси

оларға:

– Мен бұл өмірмен қатысымды біржолата

үзгенмін, – деп қанша түсіндірмек болса да, олар қояр

да қоймаған соң: – Мейлі, ендеше мен осыдан аман-

есен жағаға шығар болсам, піл етін тегі ауызға алмай-

ын, – деп әлгілер үшін түсініксіздеу өз уәдесін айтты.

Абдуллаһтың бұндай құрбандығын естіген жанның

ешқайсысы да түсінбеді. «Піл етін жемеймін деген

несі? Елдің бәрі жанымен қайғы болып құрбандыққа

мал атап жатқанда, оның бұлай деп Құдайға уәде

еткеніне жол болсын?! Сірә, ақыл-есі кемістеу болар»

десіп үндемеді. Олардың өзара күбірлесіп өзін ақыл-есі

кеміске жорығандарына іштей ренжіген ол жай ғана:

– Дәл қазір менің ойыма келгені осы болды.

Сондықтан да Аллаһқа осылай деп уәде бердім, – де-

геннен артық ештеңе айтпады.

29

Хиляту-л-Әулия, 7/426; Тариһу Мәдинати Димашқ, 6/284.