146
Тағылым тамшылары
ентіге жеткізеді. Ұстазы бұған қатты қапаланады.
Сөйтеді де санын соққан күйі:
– Қап, әттеген-ай! Бір құмыраға бола бір адам-
нан айрылып қалғанымызды қарашы, тым өкінішті,
– дейді тұнжырап. Маңайындағылар одан ештеңе
түсінбегендіктерін айтқанда, ол:
– Әлгі атты кісі Ибраһимге тізесін батырды. Бұл
дегеніңіз ап-ашық зұлымдық еді. Ал Ибраһим оған
қарсы өздігінен ештеңе демеді, тек әлгіні Аллаһқа тап-
сырды да қойды. Аллаһ соның арасынша залымға жа-
засын беріп те үлгерді. Ал егер Ибраһим де бірдеме ай-
тып өздігімен екеуара керілдескенде екі жақ та теңдесер
еді. Алайда бұл жерде Ибраһим бір жақты жәбір көруші
болып шығып отыр. Ал мен болсам өздері-ақ екеуара
ымыраға келгенін қалап едім, әттең оны істете алма-
дым, – деп мәселенің мән-жайын ұғындырған екен.
Шайтан мен мақтан
Қызметші болып көрінген шайтан жиырма жылдай
діндар әулие Жүнәйді Бағдадидың қасында жүріпті.
Алайда қанша тырысқанымен, Құдайдан қатты
қорыққан тақуа әрі әулие құлдың құлағына сыбырлап
арам ойын іске асыра алмаса керек. Дымы құрып шара-
сыз кейіпке түскен ол бір күні:
– Әй, ұстаз! Жоқ, әлде, сіз менің кім екенімді
білесіз бе? – деп ашық сұрапты.
Жүнәйді:
– Сен – лағынет атқыр Ібіліссің. Мен сені алғашқы
күні-ақ танығанмын, – деп жауап беріпті.
Шайтан: