Previous Page  144 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 144 / 208 Next Page
Page Background

144

Тағылым тамшылары

Түсті соңына дейін тыңдап болған соң жолдаста-

рына қарап:

– Ей, достарым! Мені енді бұл жерден көре

алмайсыңдар! – деді.

Келген әулие кісінің қасында тұрып тәубаға келді.

Дәл сол мезет жалаң аяқ тұрғандықтан, бұдан былайғы

уақытта аяғына аяқкиім ілмеді. Себебін сұрағандарға:

– Тәубама келіп, өз-өзіме уәде берген кезімде

жалаңаяқ болатынмын, сол тәубамды еске салып

тұрсын деп аяққиім кимедім, – деп жауап беретін.

Аяқкиімсіз жүретіндіктен жұрт оны «Хафи» /яғни

жалаңаяқ/ деп атап кеткен еді.

Иә, «Немен қарайсаң сонымен ағар» деп халқымыз

тегін айтпаған.

Сынған құмыра

Үлкен әулие кісілердің бірі Ибраһим Хаққы бала

кезінен бастап көп жыл бойыИсмайыл Фақыруллаһтың

шәкірті болған. Фақыруллаһтың жақсы тәрбиесін

көрген Ибраһим бір күні қолына құмыра алып бастауға

барды. Құмырасын суға толтырып жатқанда қасына

жақындаған бір атты:

- Әй, бала, тұр былай жолдан! – деп, сонадай жер-

ден әкіреңдеп, атымен баса-көктей бастауға беттеді.

Ибраһим құмырасын алып, шетке шықпақ болып еді,

атты кісі бұны қорқытып зәресін ұшырайын деген ни-

етпен атымен басып кетердей ентелей берді. Ибраһим

құмырасын жерге қоя салып аттың аяғына түсіп кет-

пей, өз басын аман алып қалмақ болып шегіншектеді.

Атты кісі әп-сәтте-ақ құмыраны аттың табанына са-