145
Әулие-абыздар
лып үгітті де жіберді. Ибраһим болса жылаған күйі
ұстазына келді:
– Бастаудан енді су ала бергенімде қасыма кел-
ген атты кісі омыраулата мені таптап кете жаздады,
құмырамды да сындырып тастады, – дейді өксігін бас
алмаған күйі.
Ұстазы:
– Құмыраңды сындырған аттыға сен бірдеңе дедің
бе?- деп сұрайды.
– Жоқ, ләм-мим деп тіл қатпадым, – дейді
шәкірті.
– Онда тез бар да сен де бір-екі ауыз түйрейтіндей
қатты сөз айт, – дейді ұстазы.
Ибраһим Хаққы бастау басына барғанмен, атын
байламақ болып жатқан әлгі кісіге тәрбиесіз адамша
бір-екі ауыз былапыт сөз айтуға ішкі ар-ұяты жібермей,
ештеңе деместен қайта келеді.
Қайтып келген Ибраһимнен ұстазы:
– Иә, оған бірдеңе дей алдың ба? – деп сұрайды.
Ол жүрегі дауалап ештеңе айта алмағандығын, тілін
тістеген күйі үн-түнсіз қайтқандығын жасырмайды.
Алайда ұстазы бұған қатты ашуланады.
– Саған мен не айттым?! Бар да сен де оған қарсы
бірдеме айт, әйтпесе арты жамандыққа ұласады, – дейді
ұрсып.
ИбраһимХаққыбұлжолы іштей тас-түйін бекінген
қалпы бастауға келді. Алайда, бір таңғаларлығы,
құмыраны сындырған аттының ат-матымен қоса
омақаса құлап, өліп жатқанын көреді. Есі шыққан
Ибраһим дереу ұстазына жүгіріп келіп көрген-білгенін