Previous Page  147 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 147 / 208 Next Page
Page Background

147

Әулие-абыздар

– Уа, ақиқат сұлтаны! Дәл сіздей ұлы, биік дәрежеге

қол жеткізген ешкімді көрген емеспін. Жиырма жыл

көз алдыңызда жүріп сізге ешбір қалауымды істеткізе

алмадым, – депті.

Ашуға мінген рухани алып сонда:

– Жоғал, кәне, көзіме көрінбей! – деп айғайға ба-

сыпты, – Ендігі ойың – қолтығыма су бүркіп көтере

мақтау арқылы мені құртпақсың ғой! Жиырма жыл

істей алмағаныңды жиырма секундта істеймін деп ой-

лап па ең?! Кет! Қараңды батыр!

Адамның ең бір осал тұсы да осы

мақтан.

Көкке көтере өтіріктен мақтағаннан небір надан-

дар өздерін ғалым сезініп, көпірген құрғақ сөздің

жетегімен тура жолдан тайып, көрсоқырлыққа

салынған. «Мақтан-мақтамен бауыздағанмен тең»

деген сөзді де ұмытпаған жөн.

Ақ жолға бастаған екі ауыз сөз

Рухани алып Хасан Басри бір күні жолдастары-

мен жолда кетіп бара жатып, елге танымал жоғарғы

шенді бір төренің баласын жолықтырыпты. Елге үкімі

жүріп тұрған басшының баласы маймаңдаған боз

жорға үстінде бір топ қызметшілерімен сырнайлатып-

кернейлетіп кетіп бара жатса керек.

Хасан Басри жол ортасында тұрып аз-кем жөн

сұрасқаннан кейін балаға қарап: – Ей, бай-манаптың

баласы! Сендердің нені болсын, кімді болсын ақшамен

өлшейтіндерің белгілі. Мұндайға менен басқа ешкімнің

жүрегі дауалай қоймас. Саған бір-екі ауыз сөз сатайын,

соған келісесің бе? – депті.