Previous Page  142 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 142 / 208 Next Page
Page Background

142

Тағылым тамшылары

Тауда жүргенде өңі түгіл түсіне де кірмейтін

бұндай нәрсені көргенде қонақ болып келген інісінің

ойы бұзыла бастаса керек. Дәл сол мезет оның әкелген

дорбадағы сүті де тамшылап қоя беріпті. Бұның бәрін

сезіп-біліп отырған ағасы сонда інісіне сынай қараған

күйі сөз бастапты: – Елден қашып, тау басында әулиелік

қуу – әрине, оңай іс. Алайда қайнаған халықтың тап

ортасында отырып өзіңді күнә атаулыдан қорғай білу

– ол үлкен сын. Міне, гәптің бәрі осында. Екеуінің

айырмашылығын енді ұққан боларсың?

Бірақ інісі бұған илана қоймастан, өзіне қарсы

дау айтыпты:- Бәлкім, сен күнәларды сезінуден қалған

шығарсың?

– Егер мен күнәны сезінуден қалып, бұзылған бол-

сам, онда бері қара, – депті де, ағасы орнынан тұрып әлі

тамшылап тұрған дорбадағы сүттің тесігін саусағымен

сәл ғана сипағанда, сүт тамшылауын сап тыйыпты.

Сонда ғана ағасының айтқанын сөзсіз мойындаған

інісі:

– Айтқаныңыздың бәрі рас, – депті, – нағыз

әулиелік – тауға қашып өзіңді харам мен күнәлардан

қорғау емес, нағыз әулиелік – өзіңіз айтқандай қайнаған

халықтың арасында жүріп діндарлықты ұстана білуде

екен...

Жалаңаяқ әулие

Бишри Хафи – ірі әулиелердің бірі.

Жас кезі еді. Күнәдан бас алмайтын. Күн сай-

ын небір жиіркенішті қылықтардың бірінен соң бірі

қайталанатын.