137
Сахабалар сабағы
– Келе алмағаның қалай? – деп сұрады.
Темір ұстасы:
– Өйткені мен секілді бір пақыр құл үшін барлық
тілегін қабыл алатын, тіпті сіз секілді бір патшаның
да тағын төңкеріп тастайтындай Жаппар Иесін тастап,
басына түскен істі басқаға айтып жалыну жараспас
болар, – деп сөзін жалғапты, – ол менің намаздардан
кейінгі оқыған бүкіл дұғаларымды қабыл алып, мені
қаншама қиындықтардан құтқарды. Мені қаншама
арман-тілегіме жеткізді. Енді мен қалай басқаны па-
налайын? Менің нағыз қамқоршым сол. Раббымның,
шексіз сүйіспен-шілік қазынасы мен рақымдылық
дастарқаны қашанда жаюлы тұрғанда, менің басқаға
бұрылып кеткенім жарамас. Кім де болса қол жайып
қыжалатын сұрай келгенде оның татырмай қойған кезі
болды ма? Тек қана сұрауын келістіріп, Оның алдын-
да әдеппен бас ие білсең болды, саған бермейтіні жоқ!
Міне, сол үшін! – деп жауап берген екен...
«Құдай деген құстай ұшар, адам деген мұрттай
ұшар» деген нақылдың мәні зор-ау.
Харижилардың тәубаға келуі
Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.) күнәсін бетке басу
арқылы игі мұсылман баласынан ешкімді де кәпірге
баламайтын. Алайда ол ғұмыр кешкен кезеңде ел
ішінен шыққан харижилар тобы бүйректен сирақ
шығарып, пендешілікпен үлкен күнәға бой алдырып
қойған пенделерді бірден кәпірге теліп шыға келетін.
Әбу Ханифаны жақсы танитын олар оның үнін
өшіру мақсатында жетпістей кісімен жиналып келіп,
қылыштарын жалаңдата былай деді: