134
Тағылым тамшылары
сөздерімен, ерекше білімдарлығымен басқалардан оқ
бойы озық тұрған.
Осыны аңғарған біреу оған бір жолы:
– Мал баққан қойшы болсаң да, ел осы неліктен
сенің сөзіңе құмар? – деп сұрағанда, ол:
– Өйткені мен көзімді харамға жұмдым, тым еркіне
жібермей тілімді тістедім, аз тамақтандым, уәдемде
тұрдым, маған қатысы жоқ нәрселерге көңіл аударма-
дым, – деп жауап берген екен.
Лұқпанның қожайыны бір қой сойып, соның ең
жақсы жерінен кесіп әкелуін тапсырғанда, ол ойла-
нып жатпастан сойған қойының тілі мен жүрегін кесіп
әкелген екен. Қожайыны оған артынша тағы бір қой
сойып, бұл жолы ең жаман екі жерін кесіп алып таста
дегенде, ол тағы да ойланып жатпастан қойдың тілі
мен жүрегін кесіп алып тастаған екен.
Бұғантаңғалғанқожайыныоныңмәнісінсұрағанда,
ол:
– Таза болса, тіл мен жүректен асқан жақсы нәрсе
жоқ, ал арам болса, тағы да тіл мен жүректен асқан жа-
ман нәрсе болмайды, – деп түсіндірген екен.
Одан бір күні:
– Адамдардың қайсысы білімдірек? – деп
сұрағанда, ол:
– Басқалардың білімінен көбірек пайдалана оты-
рып, өз білімін арттыра түскендер, – деп жауап бер-
ген.
Мына даналық сөздерді де сол айтқан:
– Төрт жерде: төрт нәрсені сақтау, екі нәрсені
ұмытпау, екі нәрсені керісінше тез ұмыту керек.
Сақталатын нәрселер: намазда ой, халық арасында тіл,