Previous Page  136 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 136 / 208 Next Page
Page Background

136

Тағылым тамшылары

әкеледі. Әкім олардың барлығын да бірден абақтыға

жабуды бұйырады.

Ешқандай кінәсі жоқ зергер абақтыда дәрет алып

намаз оқыды. Артынша қолын кең жайып:

«Уа, жалғыз ием Жаппар Хақ! Менің ешқандай

кінәмның жоқ екені өзіңе ғана аян. Мені мына тар

қапастан құтқара гөр!» деп дұғасын оқыды.

Әкім болса ұйықтап жатып түс көрді. Түсінде күші

мығым төрт адам келіп, өзін тағымен қосып төңкеріп

тастамақ болып жатқанда оянып кетті. Бірден дәрет

алып, намаз оқыды. Сәлден соң қайта жатты. Алайда

түсінде әлгі төрт кісі келіп бұны тағы да отырған ор-

нында төңкеріп тастамақ болып біраз әуреледі. Ол тағы

да оянып кетті. Ояна сала біреуді жазықсыз қаматып

отырғандығын іші сезді. Дереу өзіне абақтының бас-

шысын шақыртты да:

– Абақтыда кінәсіз отырған ешкім жоқ па осы,

байқашы? – деді.

Басшы:

– Ол жағын анық біле алмадым, алайда іштеріндегі

біреуі намазға жығылып, егіле тілек-дұға оқып отыр, –

деп жауап берді.

Бірден әлгі кісіні әкімге алдыртты. Әкім істің мән-

жайына қаныққан соң:

– Мені кешір, бір қателік бізден кеткен екен. Мына

мың күмісті менен сый ретінде қабыл ал. Алда-жалда

ісің түссе келерсің, – деді.

Темір ұстасы:

– Мен сізді кешірдім. Берген сыйыңызды да қабыл

алдым. Бірақ ісім түскендей болса сізге келе алмай-

мын, – деді.

Әкім таңғала: