Previous Page  135 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 135 / 208 Next Page
Page Background

135

Сахабалар сабағы

ас келгенде өңеш, қонақта отырғанда көзді сақтау керек.

Ұмытпайтын нәрселер: Аллаһтың ұлылығы мен өлім.

Тез ұмыту керек нәрсе – біреуге жасаған жақсылығың

мен саған жасаған басқаның жамандығы.

Лұқпан хакім бір күні Дәуіт пайғамбармен

(а.с.) кездескенде, оның темірден бір нәрсе тоқып

жатқанын көреді. Бұның не нәрсе екеніне таңырқаса

да үндемегенді жөн көріп сабыр сақтайды.

Біраздан кейін Дәуіт (а.с.) темір сауытын үстіне

кигенде барып істің мән-жайын түсінеді.

Дәуіт (а.с.) оған қарап:

– Бұл киім соғыста адам денесін жарақаттан

сақтайды, – деген кезде өз ісіне іштей масаттанған

Лұқпан:

– Сабыр сақтаған қандай жақсы, артынша-ақ

жаның жадырап сала береді, – деген еді

27

.

«Сабыр түбі

сары алтын» деген нақыл сөз осын-

дай мінездіге айтылса керек.

Нағыз қамқоршы

Қорасан билеушісі Абдуллаһ ибн Таһир өте әділ

кісі болыпты. Бір күні қызметшілері бірнеше ұрыны

ұстап әкеліпті. Әкелген ұрылардың біреуі әкеле сала,

ебін тауып қашып кетсе керек.

Сол тұста бір темір ұстасы Нишапурға келген

еді. Әлгі темірден түйін түйген зергер кешкісін үйіне

аяңдап келе жатқанда ұрыны іздеп жүрген әкімнің

адамдары оны дереу байлап-матап, әкімнің алдына

27

Әл-Бидая уә Нихая, 2/513-520; Манастырлы Исмайыл Ха -

кы: Рисале-и Хамидия Зәйли (Ист. 1973), С.528; Месневи-

Шериф/Амил Челебиоғлу (Ист. 2000-М.Е.В.), 3/353-55.