130
Тағылым тамшылары
– Ал мына қабірлеріңізді қалай түсінуге болады?
Оны неге өздеріңіз қазып, құлшылықтарыңызды неге
сонда жасайсыздар? – деп сұрапты.
Басшы:
– Бұны да дүние қуып кетпеу үшін әдейі істедік.
Қабірді көргенде өлім есімізге түседі де дүниелік не
нәрсе болсын бірден бас тартамыз.
Зұлқарнайн (с.а.) соңғы сұрағын қойыпты:
– Неге көкөніспен ғана қоректенесіздер? Мал асы-
рап, еті мен сүтін пайдалансаңыздар болмай ма?
Басшы:
– Асқазанымыз тірі малға мазар болмасын дедік.
Сондықтан көкөністермен тіршілік етеміз. Өңештен
өткен соң қайсысының болсын нәрі бір емес пе? – деп
жауап берген еді...
Иә, халқымыздың «Байлық
–
алақандағы мұз,
жұмсаң еріп кетеді» деуі тегін бе?!
Алтынға баланған ақырет
Зұлқарнайн (а.с.) бір түні жолда кетіп бара жатып
жасағына:
– Аяқтарыңа тиген нәрселерді тегіс жинаңдар! –
деп бұйырады.
Қолбасшының әмірін естігенде әскерлердің бір
тобы:
– Онсыз да көп жүріп шаршадық. Түннің бір
уағында аяқ астындағы тастарды жинап өзімізге жүк
қып қайтеміз. Ештеңе де жинамай-ақ қояйық, – деп
бірауыздан келісіп алғандай тырп етпейді.
Екінші топ болса: