126
Тағылым тамшылары
оқыды. Үйіне келген соң тағы да жылады. Артынша
Мекке мен Мәдина кедейлеріне, Бағдат мүсәпірлеріне,
Басра мен Куфа жарлы-жақыбайларына сансыз дирхәм
ақша садақа ғып таратылуын әмір етті. Кейіннен
мешітке барып намаз оқыды. Сөйтті де екі көзі бұлаудай
болып кешке дейін жылады. Кеш түсе мешітке қайта
барып, жамағатқа намаз оқып үйіне қайтты.
Дәл осы мезет қасына келген Әбу Юсуф қазы
оның неліктен егіліп сонша жылағанын сұрады. Ха-
лифа жай ғана бір жеке басының қалауы үшін осын-
шама ақшаның босқа ысырап етілгеніне өкінетінін,
сол үшін жылағанын айтты. Әбу Юсуф бұл қылықтың
ондағы Құдайдан қорқу екендігін, сондай-ақ көп қып
таратқан садақалардың барлығының оған үлкен сауап
әкелгендігін айтып қуантып әрі жұбатты.
Харун Рашиттың қатты мұңайғаны сонша, сол
күні таң атқаннан нәр татпаған күйі тек кешкі асқа ғана
мойын бұрған еді
26
...
Баянсыз байлық
Ел билеген халифа Харун Рашит пен ел арасында
даналығы әрі діндарлығымен танымал Шақиқи Белхи
әңгімелесіп отырса керек. Бір уақытта хазірет былай
деп сұрақ қойыпты:
– Ей, Халифа! Өзіңді ұшы қиыры жоқ бір шөлде
жолсыз-жөнсіз адасып кеттім деп ойла. Шөл қысып
өліп бара жатқан жайың бар. Сол кезде саған біреу
келіп бір тостаған суық су сатпақ болса, қанша ақша
берер едің?
Халифа күліп:
26
әл-Бидәя уә-н-Нихая, 10/650