132
Тағылым тамшылары
– Шіркін, иманға келіп, ең құрығанда мәңгілік
тозақ отынан құтылып, түптің түбінде жұмаққа бара
алғанымызда ғой, – десіп таусылмас өкінішпен сан
соғады.
Сауаптары азырақ болған мүминдер:
– Шіркін, тіршілігімде көбірек сауапты іс жасау-
ым керек еді, – деседі.
Ал сауабы көп мүмин болса:
– Шіркін, қазіргі дәрежеме одан да артық дәреже
қосатын көбірек намаз оқып, ораза ұстап, одан да
көбірек сауап іс жасағанымда ғой, – деп ол да тамсана-
ды екен.
Аллаһ тағала осы мысалдан бәрімізге сабақ алу-
ды нәсіп етсін!
Қызыр екеніңді айта салам..
Рамазан айы. Жұма күні. Мешіт маңына бірді-екілі
жұрт аяңдап жинала бастады. Имам күрсіде уағызын
оқымақ болып тамағын кенеді. Осы жолы мешітке жас
жігіт бейнесінде Қызыр (а.с.) да келген еді. Мешіт іші
лық тола бастады. Бір жерге қонжиып отыра кеткен
Қызырдың (а.с.) қасына қырық жас шамасындағы бір
кісі келіп қатарласа отырды. Әлден уақытта жаңағы
кісі отырған күйінде әрі-бері теңселіңкіреп қалғи ба-
стады. Ұйықтап кетер ме екен деп алаңдаған Қызыр
(а.с.) оны бүйірінен түртіп:
– Ұйықтап кетесің ғой, – деді. Ана кісі:
– Ұйықтамаймын, менің мазамды алма, – деді.
Қызыр алайһи-с-сәлам үндеместен отыра берді.
Алайда сәлден кейін азан оқылды. Әлгі кісі ұйықтап