138
Тағылым тамшылары
– Ей, Әбу Ханифа! Ей, бұл үмбеттің дұшпаны
мен шайтаны! Сені өлтіру біз үшін жетпіс жыл жиһад
жасағаннан да артығырақ болып тұр.
Әбу Ханифа оларға:
– Қылыштарыңды жалаңдатып жүректі ұшыра
бермей қындарыңа салып қойыңдар, – деді.
Харижилер:
– Осы қылышпен сенің қаныңды судай шашқымыз
келіп тұр! – десті.
Барған сайын өршелене екіленіп бара жатқан
оларға Әбу Ханифа:
– Кіжіне бермей сұрақтарың болса қойыңдар,- деп
мәселенің тігісін басқаша жатқызбақ болды. Олар да
бұл ұсынысқа келіскендіктерін білдіріп көкейлерінде
жүрген даулы сұрақтарын қоя бастады:
– Мешіттің алдында екі жаназа. Біреуі араққа
сылқия тойып, сол араққа тұншығып өлген ер адам,
екіншісі ойнас жасап, аяғы ауырлағанын сезген кезде
өз-өзіне қол жұмсаған әйел. Бұларға қандай үкім берер
едің?- деп сұрайды.
Имам ағзам:
– Олар қай діннің өкілдері: христиан, еврей әлде
мәжуси (отқа табынушы) ма? – деп сұрайды.
Харижилар:
– Олар «Аллаһ бір, Мұхаммед оның құлы әрі
елшісі» деп сенген мұсылмандар, – деп жауап қатты.
Бұны естігенде Имам ағзам олардан:
– Кәлима-и-шәхадат иманның қанша бөлігін
құрайды деп ойлайсыңдар? – деп өздеріне қайтара
сұрақ қойды.
Олар бірауыздан: