Previous Page  139 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 139 / 208 Next Page
Page Background

139

Сахабалар сабағы

– Иман біртұтас дүние болғандықтан оны бөле -

жаруға келмейді, – деп жауап берді.

Имам ағзам оларға:

– Ендеше, бұлардың мұсылман екендіктерін

өздерің де мойындап тұрған жоқсыңдар ма, – деген-

нен кейін Хари-жилардың «Бұлар жұмақтық па, әлде

тозақтық па?» деген сұрағына:

– Ол турасында мен сіздерге хазірет Исаның одан

да зор күнә істеген кейбіреулерге айтқан мына бір

сөзін айтайын: «(Раббым!) егер оларды азаптар болсаң

күмәнсіз олар сенің өз құлдарың емес пе?! Ал оларға

кешіріммен қарасаң, онда әрине, сен өте Жомарт әрі

хикмет Иесісің» (Мәида сүресі, 118).

Имам Әбу Ханифаның бұл жауабы Харижиларға

ой салып қана қоймай, олардың тәубаға келуіне жол

ашты. Өздеріндегі сенімнің қате тұстарын аңғарған

олар ендігі жерде түзу жолдан таймауға іштей уәде

берісті...

28

Маскүнем көрші

Имам ағзамға бір жас жігіт көрші болып тұратын.

Жас жігіт күн сайын үйіне арақ ішіп келетіндіктен

бейбастық дауыстардан имамның мазасы қашатын.

Алайда имам қанша мазасызданса да шыдамдылық жа-

сап, ешкімге шағымданып көрмеген-ді.

Бір күні басқа біреулер шағымданса керек, әлгі

жігіт абақтыға түсіп қалады.

Ертесі күні жас жігіттің күнделікті даусы

естілмегенге имам Әбу Ханифа таңғалып:

28

Юсуф Явуз «Самарқанд» журналынан алынған