141
ІІІ БӨЛІМ
ӘУЛИЕ–АБЫЗДАР
Әулие болу оңай ма?
Ағалы-інілі екі кісі болыпты. Екеуінің де бойын-
да тақуалығы мен қоса әулиелігі де бар екен. Олардың
біреуі мына заманда қалада тұрып, көп күнәға батқанша
ешкім жоқ далада жүріп күнә атаулыдан алыстау бо-
лайын деп тауды мекендеп, мал бағып тіршілігін
жалғастырады. Көңілді кірлетіп, жүректі қарайтар ха-
рам жоқ жерде намазын да қаза қылмай, құлшылығын
да уақтымен жасапты.
Екіншісі қаланың қақ ортасынан етік жамайтын
дүңгіршек ашып, етікшілікпен айналыса бастапты.
Бір күні таудағы інісі ағасының хал-жағдайын
біліп қайтпақ болып қалаға бет алады. Ағасына қойдың
сүтінен дорбаға құйып ала келуді де ұмытпапты.
Сұрай-сұрай қаладағы ағасының жұмыс орнын да
тауыпты. Дорбадағы сүтін (әулие емес пе) қабырғаға
іле салып, екеуара әңгімеге кірісіпті. Дәл сол мезет бір
әйел келіп етігін жөндетпек болса керек. Әйел етігін
шешкенде, ашық балтыры көрініп қалады. Ағасы
ештеңеге де мән берместен аяқкиімнің жөндеуге
келетінін айтып, іске кірісіп кетіпті. Әйел аяқкиімін
шешкен күйі біраз отырып, жұмысы біткен соң өз
жөнімен кете барыпты.