131
Сахабалар сабағы
– Қолбасшы бұйырған екен, ең болмаса аз-аздан
болса да жинайық. Әмірін тыңдамағанымыз жөн бол-
мас, – деп азырақтан болса да жинайды.
Ал үшінші топ болса:
– Қолбасшы бекерден-бекерге ондай әмір берме-
ген болар. Не болса да бір білгені бар шығар, – деп
бүкіл көліктеріне көтергенше тиеп алады.
Таң атқанда қараса, түнімен жүріп өткен жердің
алтыны көп жер болғандығын байқайды. Кешегі
аяқтарының астындағы нәрселер сол күйі сом-сом ал-
тын болғандығын білгенде жерге иіліп еш нәрсе іліп
алмаған бірінші топ:
– Қап, әттеген-ай! Қолбасшының сөзін тыңдама-
ғанымызды қарашы?! Шіркін, ең құрығанда біреу бол-
са да алғанымызда ғой, – деп өкінішпен сан соғып қала
береді.
Азырақ алған екінші топ болса:
– Бұдан да көбірек алмағанымызды қарашы,
қойны-қонышымыздың бәрін де толтырып алатын
жөніміз бар еді, – деседі мұңайып.
Ал көп алған үшінші топ болса:
– Шіркін, керексіз киім-кешек, заттардың бәрін
тастап, ат-көліктің бәріне көтергенінше бұдан да көп
тиегенімізде ғой, – деп, онсыз да көп алғандарына
қарамастан,
іштей
көңіл
толмайтындықтарын
білдіреді.
Міне, жоғарыдағы мысалдағыдай ақыретте де
адамдар арасында осы секілді көріністер жиі кезде-
спек.
Кәпірлер: