129
Сахабалар сабағы
Зұлқарнайн мен басшы
Зұлқарнайн (а.с.) бір күні әлдеқандай елге тап бо-
лыпты. Олардың бар іс-әрекеті нәпсісін жеңу мен өлім
қорқынышын сейілтуге бағытталған екен. Қолдарында
бұ дүниелік еш байлық жоқ еді. Тек қана көкөніспен
күн көретін. Көкөністерін күтіп-сақтауға барынша
көңіл аударатын. Сонымен қатар, бұл елде әркім өз
қабірін өзі қазып, күн сайын тазалық жасап, сол қабірде
ғибадаттарын өтейтін.
Зұлқарнайн (а.с.) бұлардың басшысын шақыртты.
Басшысы:
– Маған ешкім керек емес. Мені керек еткен
адамның өзі келсін, – деді.
Бұны естіген Зұлқарнайн (а.с.) оған өзі барып:
– Мен сені шақыртқанда неге келмедің? – деп
сұрады.
Басшы:
– Сізге менің ісім түсіп тұрған жоқ, әйтпесе, келер
едім, – деп жауап қатты.
Зұлқарнайн:
– Бұрын-соңды мен мұндай халық көрмедім.
Мұның сыры не? – дегенде, ол:
– Иә, біз алтын-күміспен дүние байлығына мүлдем
көңіл аудармаймыз. Өйткені қарап тұрсақ, бұларға қол
жеткізген адам дүниесінің оданда көп болғанын қалай
береді екен де тоғышарлық пен тойымсыздық дертіне
ұшырап, өмір бойы дүниенің соңына түседі екен.
Сондықтан дүниелік ештеңені де қумайтын болдық, –
деп жауап беріпті.
Зұлқарнайн (а.с.):