124
Тағылым тамшылары
– Мен барып май шамды жаққанда да Омар едім,
қайта келіп отырғанда да сол баяғы Омармын ғой, –
деді күлімсіреп.
... Екі жарым жыл ел басқарған уақтында ис-
лам әлемінде әділдікті ерекше үстем етті. Үлкен ата-
сы Омар (р.а) секілді қара қылды қақ жарған өте
әділ кісі болды. Алайда қырық жас шамасында көре
алмаған бақталастары қызметшісін мың динарлық ал-
тынмен жалдап, улап өлтірді. Қызметшісі өз кінәсін
мойындаған кезде Омар ибн Абдулазиз ақшаны алып
мемлекет қазынасына салып, өзін босатып қоя берді.
Тіпті ел біліп қойса байғұсты өлтірер деп, оның қашып
кетуі үшін жағдай да жасаған екен...
Жалғыз көйлек
Омар ибн Абдулазиз ел басқарған халифалығы
тұсында бір күні мінбеге шығып халыққа арнап сөз
сөйледі. Халифаға жақынырақ отырған ел оның қайта-
қайта үстіндегі көйлегін желпіңкіреп отырғандығын
байқады. Оның бұл әрекетіне көзі шалғандардың қай-
қайсысы болсын таңданбай қалмады. Сөйткенше бол-
май, ел ішінде күбір-күбір әңгіме басталып, бәрі де
халифаның неліктен ара-кідік бұндай қимыл жасап
отырғандығын білмекке өзара сұрастыра бастады.
Әлден уақытта жиналыс та бітті. Мәселе
анықталғанда ел мынаған көз жеткізген еді. «Бәйтул-
малға» яғни халық қазынасына көзінің қарашығындай
қараған халифа мұсылмандар мүлкін ысырап етіп, бас
пайдасына жаратпас үшін маңдайына бұйырған жалғыз
көйлегін қанағат тұтып, әлі құрғап үлгермесе де киіп
алған көрінеді. Өйткені оның халифа бола тұрса да