119
Сахабалар сабағы
Біз сол жақта болғанда Амр ибн Үмейя да келді.
Хазірет Пайғамбар Жәфар мен жолдастары үшін Амр-
ды Нәжашиге жіберген болатын.
Амр Нәжашидің құзырына кіріп шықты.
Мен достарыма қарап:
– Амр ибн Үмейя деген осы. Мұхаммедтің ада-
мы. Нәжашиға кіріп бұны маған тапсыр деп өтініш
білдірсем, Нәжаши оны маған берсе, мен оның басын
кесіп алсам! Менің Мұхаммедтің елшісін өлтіруім –
Құрайыштар үшін үлкен бір сый болар еді, – дедім.
Сөйттім де Нәжашидің құзырына кірдім. Әдет бой-
ынша патша алдында барынша басымды жерге тигізіп,
сәждеге жығылдым. Ол маған:
– Амр, достым, сәлем! – деді, – Маған қандай сый-
сияпатпен келдің?
– Әй, патша! Саған иленген теріден мол ғып
әкелдім, – дедім.
Сөйттімде әкелген терілерімді жалма-жанНәжаши
патшаның алдына жайып салдым. Тарту-таралғым оған
қатты ұнады. Артынша:
– Әй, патша! Мен жаңа ғана сіздің қасыңыздан
шыққан бір кісіні көрдім. Ол – менің дұшпанымның
елшісі. Соны маған берсеңіз, мен оны өз қолыммен
өлтірсем. Өйткені ол біздің алдыңғы қатарлы бірнеше
жастарымызды қыршынынан қиды, – деп көкейімдегі
көксеген ойымды айттым.
Алайда Нәжаши патша бұған қатты ашуланды.
Сөйтті де мен еш күтпеген оқыс қылық жасады. Әй-
шайға қаратпай жұдырығымен мұрнымнан қойып
қалды. Көзімнің оты жарқ етті. Сірә, мұрным сынып