Previous Page  115 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 115 / 208 Next Page
Page Background

115

Сахабалар сабағы

Бұны естігенде Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

тағы да: «Қап, Салабаға обал болған екен» деп

мұңайды.

Салабаның «Байысам, мұң-мұқтажға қарасар

едім» деп ант-су ішіп, артынша бұл уәдесінен айнып

шыға келуіне байланысты «Тәубе» сүресінің мына аят-

тары түсті:

«Кейбір екі жүзділер: Егер Аллаһ бізді өз

кеңшілігінен дүние, мал-мүлік, байлыққа кенелтсе,

садақа беріп, игілерден болатындықтары жайлы

Аллаһқа сөз береді. Ал, оларАллаһ тағала байлыққа

қауыштырған кезінде, байлықтарына сараңдық

қылып, Аллаһтан жүздерін бұрып (әміріне қарсы

келіп), берген уәделерінен айныды»

.

22

Осы аят арқылы Салабаның екі жүзділер

қатарына жатқызылғандығы білініп, жаны ашыған

бір туысының Салабаның жанына батыра айтуымен

Салаба кедейлердің ақысын беріп, Аллаһ алдында екі

жүзділіктен арылмақ болып, малын айдап әкелді. Алай-

да оған Аллаһ тағаланың тыйымымен енді қабылдай

алмайтындығын айтып, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм)

қарсылық білдірді.

Кейіннен Мұхаммед пайғамбар дүниеден қайтып,

одан кейінгі халифалар Хазірет Әбубәкір мен хазірет

Омарға малының зекетін беру үшін барса да, олар:

«Пайғамбарымыз қабылдамаған зекет малдарыңды біз

қайтіп қабылдамақпыз?!» – деп, Салабаның зекетін

керексінбеді.

Үшінші халифа Осман тұсында, қайтыс болар ал-

дында Салабаның құлағында:

«Шүкірін өтей алатын

22

Тәубе, 75-76.