118
Тағылым тамшылары
Пайғамбарымыздың қорғауында өскен Абдуллаһ
кейінненисламға аянбай қызмет еткенұлытұлғалардың
бірі болды.
«Иә, Аллаһ! Бергеніңді алсаң да береріңді алма»
деген.
Амр ибн Ас тура жолға қалай түсті?
Амр ибн Астың өзі әңгімелеуде:
«Хәндек» соғысынан Меккеге орала сала өзіммен
ойы бір жерден шығатын Құрайыш тайпасының
біраз кісілерінің басын қостым. Олар бастан-аяқ мені
тыңдады. Сөз соңы:
– Бәріңіз онсыз да біліп-көріп жүрсіздер,
Мұхаммед барған сайын дес бермей күшейіп бара жа-
тыр. Осы орайда менде тамаша бір пікір бар, – дедім.
Олар:
– Ол қандай пікір? – деп сұрады.
Мен:
– Бәріміз
бір
кісідей
барып
Хабаштық
(Эфиопиялық) патша Нәжашиді паналайық. Мұхаммед
біздің тайпамызды жеңіп кетсе, онда соны паналап
тұра берерміз. Мұхаммедтің қол астына кіргеннен гөрі
Нәжашидің қол астына кірген әлдеқайда артық. Ал
егер біздікілер жеңіп кетіп жатса, онда бізге жақсылық
болмаса жамандық келмесі анық, – дедім.
Бәрі бірауыздан пікіріме қолдау білдірді. Мен:
– Ендеше, Нәжашиға апаратын сыйлықтарды
әзірлеңдер! – дедім.
Нәжашиға апаратын сыйлықтардың біразына
келісті иленген бағалы терілер таңдалды. Артынша
Меккеден шығып Нәжашиге бардық.