Previous Page  120 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 120 / 208 Next Page
Page Background

120

Тағылым тамшылары

кеткен болар деп ойладым. Қатты қорыққаным сонша

не істерімді білмей қалшиып тұрдым да қалдым.

Сәлден кейін есімді жиып:

– Әй, патша! Бұл өтінішімді ұнатпайтындығыңды

білгенде оны сұрамас едім, – дедім әлгіндегі

айтқандарыма іштей өкініп.

Нәжаши болса:

– Мұса пайғамбарға келген Жәбрейіл періште

Мұхаммедке де келеді екен. Мен ондай ардақты

адамның елшісін саған қалай ұстап бермекпін?! – деді

қатуланған күйі.

– Әй, патша! Айтқаныңыз рас па?

– Ей, азапқа ұшыраудың сәл-ақ алдында тұрған

неме! Білмесең мені жақсылап тыңда! Одан да сен сол

адамның етегіне жармасып , айтқанына көн! Аллаһқа

ант етейін, өйткені ол ақиқат жолындағы адам,

шын пайғамбар. Мұса қалайша өзіне қарсы келген

Перғауындықтарды жеңсе, оның да дәл солай түбінде

өз дұшпандарын тұқыртары сөзсіз.

– Олай болса, сіздің қолыңызды алып көз

алдыңызда иманға келетіндігіме уәде берсем бола ма?

– деп сұрадым. Нәжаши болатындығын айтты. Мен

Нәжашиге уәде бердім.

Нәжашиден шығып, жолдастарымның қасына

бардым. Мұсылмандықты қабылдағанымды іштей

жасыра тұрғанды жөн көрдім. Артынша Пайғамбарға

баруға жолға жиналдым. Жолда Халид ибн Уәлидті

жолықтырдым. Бұл оқиға Мекке қаласын азат етердің

сәл-ақ алдында болған еді. Ол да Меккеден келе жатыр

екен. Одан: