121
Сахабалар сабағы
– Әй, Сүлейменнің әкесі! Қайда жол тарттың? –
деп сұрадым.
– Ақ пен қараны, ақиқат пен надандықты ажырата
алмай не көрініпті? Мен Мұхаммедтің хақ пайғамбар
екендігіне анық сендім. Соның тікелей өзіне барып
мұсылмандықты қабылдамақпын. Сен де қашанғы
тісіңді қайрамақсың, одан да иманға келсеңші? – деді.
Мен оған:
– Растығына ант етейін, негізі мен де мұсылман
болуға бара жатқан едім, – дедім.
Халид екеуміз Мәдинаға бірге бардық. Пай-
ғамбарымызға
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қатар келдік. Халид
менен бұрын мұсылманшылықты қабылдады. Артын-
ша мен де:
– Уа, жалғыз Жаратқаннан басқадан жебеу
күтпеген ардақты Пайғамбар! Мен өткен күнәларыма
зор өкініш білдіре отырып ислам дінін шын ынта-
ниетіммен қабылдамақпын, – дедім.
Хазірет Пайғамбар
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Ей,Амр!Исламбұрынғыкемшілік-күнәларыңның
бәрін жуып-шаяды. Хижрат етіп Меккеден Мәдинаға
көшкендер де күнәларынан дәл осылай құлан-таза
арылған болатын, – деді.
Расулаллаһалдындамұсылманшылықтықабылдап
кері қайттым...
Жан-жануарға жасалған
жақсылықтың сауабы
Әбу Хұрайра (р.а.) Пайғамбарымыздан мына бір
хадисті жеткізеді: