Previous Page  122 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 122 / 208 Next Page
Page Background

122

Тағылым тамшылары

«Бір жолаушы жолда кетіп бара жатып қаталап

шөлдепті. Сөйткенше болмай алдынан бір құдық кез-

десе кетіп, су алып ішіпті. Су ішіп шыққаннан кейін

қараса, шөлдегені сонша тілі аузына сыймай салақтап

кеткен сонадай жерде жатқан итті көріпті. Ит өзінің

шөлін қайтіп басарын білмей дымқыл топырақты

жалап жатса керек. Мына ит те бағанағы мен құсап

қатты шөлдеген екен ғой деп ойлаған жолаушы дереу

қайта құдыққа түсіп аяқ киіміне толтырып әкеліп итке

су беріпті. Жолаушының бұл жақсылығының Аллаһ

тағалаға ұнағаны соншалық әлгі кісінің жасаған барлық

күнәларын сол мезетте-ақ кешірген екен».

Бұны естіген сахабалар:

– Уа, Аллаһтың елшісі! Сонда мал-жануарларға

жасаған жақсылық үшін де бізге сауап жазыла ма? –

деп сұрағанда, Пайғамбарымыз

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

:

– Көкірегінде жаны бар қандай жан-жануарға бол-

сын жасалған жақсылықтың сауабы болады, – деп жау-

ап берді

25

.

Қара қылды қақ жарған халифа!

Әмауилік халифаОмар ибнАбдулазиз ел басқарған

тұста әділдік пен кісі ақысын жемеу мәселесіне аса бір

үлкен жауапкершілікпен қараған. Түндік жұмыстарына

екі бөлек май шам пайдаланатын. Біреуі – мемлекеттік

іс-қағаздарға, екіншісі – өз жұмыстарына жарайтын.

Өзі мемлекет басшысы бола тұра бір-ақ көйлекті

қанағат тұтты. Өйткені дүниелік байлық – ол үшін

қолдың кірі еді.

25

Бұхари, Мүслім