Previous Page  123 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 123 / 208 Next Page
Page Background

123

Сахабалар сабағы

Бірде жақындарының бірі Омар ибн Абдулазизға

бір алма беріп жіберді. Алмасын қолға алып жай ғана

бір иіскегеннен кейін Омар ибн Абдулазиз оны өзіне

қайтарып берді. Сөйтті де алма әкелген адамға:

– Беріп жіберген кісіге алмасын ала алмағанымды

айтарсың, – деді.

Таңырқаған әлгі кісі:

– Бұл қалай? Пайғамбарымыз да өзіне жіберілген

сыйлықтарды алмаушы ма еді? – деп сұрағанда халифа

оған былай деп жауап берді:

– Пайғамбарымызға

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

жіберілген

нәрселер таза сыйлық есебінде болатын, ал бізге

келетін нәрселер пара есебінде беріледі...

Әкімдердің айлықтарын кең-молынан төлейтін.

Оның себебін былай деп түсіндіретін:

– Әкімдердің айлық табысы неғұрлым жоғары

болғаны дұрыс. Бұл олардың ештеңеден алаңсыз

халықпен қоян- қолтық жұмыс істеуіне жағдай жасай-

ды.

Бір күні түнде халифаның қасында қонағы бар

еді. Бір уақытта май шамның майы таусылды. Екеуара

мынадай бір әңгіме жүрді. Қонақ:

– Қызметшіңізді оятайық, шамның майын құйсын,

– деді.

– Жоқ, қажет емес, оған екі жұмыс істеткім

келмейді.

– Онда, мен барып шамға май құяйын?

– Жоға, қонақты жұмсау кісілікке жатпайды.

Сөйтті де өзі тұрып май шамды жақты. Қайтып

келген соң: