114
Тағылым тамшылары
үзбей намаз оқитындығы үшін «Мешіт құсы» деп
аталғандығы былай тұрсын, енді мал соңынан қолы
тимейтіндіктен тек қана бесін мен құтпан намаздары-
на ғана мешітке соғатынды шығарды. Көбіне қазаға да
ұшыратып жүрді.
Аз уақытта берекеті асып-тасып, шалқыған үстіне
шалқи түскен Салабаның малдары көбейген сайын
көбейіп, енді мыңғырған малға Мәдина төңірегінен
жаңа жайылымдар іздеу керек болды. Салаба енді
тек жұма намаздарына ғана мешітке келіп жүрді.
Сөйткенше шөлдегі тың жайылым іздеген мал көп
өтпей, жұма намаздарын да ұмыттырды.
Анда-санда өткен-кеткендерден елдегі қал-
жағдайды сұрап, Салаба мал соңында салпақтап, шөл
асып кете барды. Малдарымен қоса қарақан басының
қамын ойлаудан аса алмай қалды.
Салабаның көрінбей кеткендігін байқаған Пай-
ғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
оның қайда екенін
сұрағанда :
– Мыңғырған малының соңында шөл кезіп кетті, –
деген жауапты естіп, іштей ренішпен басын шайқап:
– Қап, Салабаға обал болған екен, – деді аяныш
білдіріп.
Осы уақыттарда зекет-садақа жайлы аяттар
түсіп, дәулетті мұсылмандардың жағдайы нашар
мұсылмандарға көмектесуі туралы үкімдер келді.
Аяттардың бұйрығын әр мұсылман шын ықылас-
пейілдермен шама-шарқынша атқарып жатқанда, Са-
лаба:
«Бұларың қып-қызыл адамды талау емес пе?»
деп, «шығайбайшылдыққа» басып, малының зекетін
талап етіп барғандарды құр алақан қайтарды.