Previous Page  109 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 109 / 208 Next Page
Page Background

109

Сахабалар сабағы

көріністі оған әдейі көрсеткен. Әйелің қонақтарға

жеткілікті қылып тамақ әзірлегенімен ол рызық бәрібір

ортаймаған болатын...

«Мына жайтты жақсы ұғыңдар, әр қонақ өз

рызығын ала келеді. Ешкім де ешкімнің несібесіне

ауыз салмайды. Үйге келген қонақ қайта сол үйдің

рызық-несібесімен қоса берекетін де арттыра түседі»

деді пайғамбарымыз.

Бұдан кейін әйел де өз қателігін түсініп, ниетін

түзепті.

Өз басын қатерге тігу

Мұғауияның ел басқарған (49/669 жылдары)

тұсында ислам әскерлері Ыстанбұлды тұңғыш рет

қоршауға алды. Суфиян ибн Ауф (р.а.) басқарған

үлкен бір жасақты Мұғауия Византияға бағыттап, өз

баласы Язидтің де дәл сол жасақта болғанын қалап еді.

Алайда Язид әр нәрсені бір сылтауратып жантәттілікке

салынған соң әкесі де оны көп қолқалай қоймады.

Соғысқа шыққан әскерлердің жолда аштық, ауру

секілді небір қиындықтарға душар болғандығын

естігенде, Язид:

– «Мен қайтейін әскердің қиналғанын,

Гүлсім жатса қасымда қыздай жаным», – деп

өлеңдеткен күйі бармай қалып қойғандығы үшін өзіне

риза кейіпте еді. (Үммү Гүлсім – Язидтің әйелі.)

БаласыныңбұндайұнамсызөлеңіМұғауияның(р.а.)

да құлағына жеткенде тез арада оған адам шаптырып,

Византия жеріндегі мұсылман әскерлеріне қосылып,

солар көрген ауыртпалықтар мен қиындықтарды бірге

бөлісуін қадап айтып қатал бұйрық берді.