Previous Page  104 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 208 Next Page
Page Background

104

Тағылым тамшылары

танып кете барды. Соғыста шейіт түскені мәлім бол-

ды. Енді рұқсат етсеңіз, сол жуынуға мүмкіншілігі

болмаған күйеуімді жуғызып, арулап көмсек деген

тілек айтпақпын,- дегенде Пайғамбарымыз оған:

- Сен Ханзаланы уайымдама! Мен періштелердің

оны рақым суымен жуып-шайып жатқанын көрдім,-

деп үлкен сүйінші хабар айтты.

Бұны естіген сахабалардың бәрі Ұхыдқа бет

түзеп, Ханзаланы іздестірді. Бір таңғаларлығы, са-

хабалар Ханзаланы денесі әлі кеппеген су қалпында

тауып алды. Сүйікті Пайғамбарымыздың бұл жолғы

айтқанының да рас шыққанына елдің тағы бір рет көзі

жетті. Сондықтан Ханзаланы ел «Ғасилул-мәлаика»

(«Періштелер жуған Ханзала») деп еске алатын бол-

ды.

Кейіннен Ханзаланың артта қалған әйелінен үлкен

сахабалардың бірі, асылдың сынығы Абдуллаһ дүниеге

келді.

Зейнептің шеберханасы

Мүминдердің анасы Жахш қызы Зейнептің

өміріне көз жіберсек, ондағы діндарлық, жомарттық

қасиеттерімен қоса оның ерекше шеберлігінің куәсі

боламыз. Хижреттің (Мәдинаға көштің) үшінші жылы

хазірет Пайғамбармен отасқан Жахш қызы Зейнеп

тері илеудің асқан шебері еді. Ол тері өңдеп, одан

киім тігіп сатумен айналысатын. Кейбір риуаяттарда

осы жұмыс үшін пайғамбар үйінде бір бөлме арнайы

жабдықталып, шеберхана ретінде пайдаланылғандығы

әрі пайғамбарымыздың әйелдерінен Үмму-Сәләманың

да осы тері ісімен шұғылғандығы білінуде. Дәл осы