101
Сахабалар сабағы
қатысты болса керек. Негізі, мына шапан Әлидікі еді, –
деп шапанды хазірет Әлидің өзіне қайтарды.
Сөйтті де аз уақыттан кейін-ақ мұсылмандықты
қабылдады. Кейіннен хазірет Әли бастаған «Нехри-
ван» шайқасында ол дұшпандарға қарсы жан аямай
соғысқан
19
.
Өз «Құдайынан» көңілі қалған сахаба...
Сахабалардан Амр ибну-л-Жамух (р.а.) ислам-
нан бұрын да Мәдинаның алдыңғы қатарлы сыйлы
кісілерінің бірі еді. Алайда ағаштан жасалған «Мәнаф»
атты бір пұтқа күнде құлай сыйынып, қатты құрмет
көрсететін. Өзі пұтқа табынғанмен, бір қызығы, үш
ұлы да мұсылман болатын.
Бір түні Амр ибну-л- Жамухтың балалары жи-
налып келіп әлгі Мәнаф деген пұтты орнынан алып
сүйреген күйі жырақтау жердегі шұңқырға апарып та-
стайды. Сөйтеді де ешкімге көрінбестен үйге қайтады.
Ертеңгісін пұтқа табынбақ болып барған Амр
оны күнделікті орнынан таба алмай жер сипап қалды.
Сөйтті де:
– Әй, оңбай кеткірлер! Түнделетіп кеп Тәңірді
ұрлап кеткен кім? – деп айналасындағыларға ызғар
шаша айғайлады. Пұтын іздестіре бастады. Ең соңында
бір шұңқырда етбетінен жатқан күйінде тауып алды.
Жақсылап тазалап, жуып, қош иістер сеуіп әсемдеп
әрлеп бұрынғы орнына қайта қойып жатып:
– Осыны істеген адамды тапсам, әкесін танытар
едім, – деді ызалана.
19
Әл- Имам Әли Саут-ул адалат-ул Инсаният, Б.63, жалғасы
Бихар Б. 9 Тәбриз баспасы, Б.598.