Previous Page  96 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 96 / 208 Next Page
Page Background

96

Тағылым тамшылары

жүріп жатқан болатын. Ол тұс мұсылмандардың

қолбасшысы Саад ибн Әби Уаққастың (р.а.) денесіне

сыздауық қаптап шығып, түрегеп тұруының өзі мұң

болып қатты қиналған кезі еді. Ол сонда да басын

жастыққа сүйеген қалпы арнайы орындық жасатып,

әскерлерді ту сыртынан бақылап отыруды жөн көрді.

Алайда дәл осы сәт әскерлер орналасқан жердің

маңайындағы бір абақтыда Әбу Мыхжан деген өзі

ақындығымен жұртқа танымал батыр кісі жатты.

Кезінде шарапқұмарлығымен аты шартарапқа әйгілі

болған ол тіпті бір өлеңінде:

– «Жүзім бағы – менің көмілер мекенім,

Сүйегімді де шараппен жуып өтемін», – деп

жырлаған-ды. Оның абақтыда жату себебі – шарапты

тым дәріптегендігі мен кейбір жасаған қателіктері еді.

Маңайында аттардың дүбірлеген тұяқ үндерін

естіген сайын Әбу Мыхжанның да соғысқа қатысқысы

келіп делебесі қозды. Іле-шала Саад ибнӘбиУаққастың

әйеліне өтінішпен былай деп тіл қатты:

– Менің мына соғысқа қатысқым келіп тұрғаны.

Маған Саадтың «Бәлка» деген сәйгүлігін беріп, мені

мына абақтыдан уақытша босатсаңыз. Соғыстан аман-

есен келсем, абақтыға өзім-ақ қайта кірейін, шынжы-

рымды да қайта тағарсыз...

Әуелде бұл өтінішті қабылдамаған әйел, Әбу

Мыхжанның оқыған бір өлеңінен кейін-ақ оған айтқан

жылқысын беріп, абақтыдан босатты. Әбу Мыхжан

өз түрін адам танымастай етіп тұмшалап, соғыс май-

данына көз жұмып қойды да кетті. Дұшпан әскерін

қорқытып, ойсырата соққы бергені соншалық, көрген

жан оның бұндай жойқын күшіне қарап еріксіз «Бұл кім