91
Сахабалар сабағы
болып тұрасың, не саудаласып көресің, не бірге сапарға
шығасың. Ал, осы үш шарт жүзеге аспаған болса – ол
адамды танимын деу ағаттық.
Нілдің тасуы
Мысыр елі Омардың (р.а.) ел басқарған
халифалығы тұсында мұсылмандардың қолына өтті.
Мысырды мұсылмандардың қол астына қаратқан
даңқты қолбасшы – Амр ибн Ас еді.
Мысыр халқы Амр ибн Асқа өздеріндегі әдет-
ғұрыптарды таныстыра келіп:
– Ей, қолбасшы! Біздің салт-санамыз бойынша
Маусым айының он екінші түні үйлене қоймаған жас
қызды барынша сәндеп, әдемі киіндіреміз. Сөйтеміз де
Ніл өзеніне тастаймыз. Біз бұны Ніл өзені арнасынан
тасып, маңайындағы егіндіктерді суғару үшін жасай-
мыз, – деп түсіндірді.
Амр ибн Ас мысырлықтарға:
– Бұл исламға мүлдем жат нәрсе. Ислам діні
бұрынғы барлық жаман әдеттерді жойды, – деді.
Алайда сол жылғы маусым, шілде, тамыз айларын-
да Ніл өзенінің суы тасымай Ніл жағалай күн көретін
халық құрғақшылыққа ұшырап қатты қиналды. Халық
жапа-тармағай көшуді жөн көрді.
Амр ибн Ас болса жағдайды баяндап, халифаға
хат жіберді. Хатты алған Омар (р.а.) іле-шала былай
деп жауап жазды:
«Сен өте орынды істепсің. Исламның бұрынғы
жаман әдеттерді жойғаны да рас. Саған хатпен бірге
тілдей қағазға өзінше бөлек жазу жіберіп отырмын.
Сол бір жапырақ қағазды Ніл өзеніне тастарсың».