89
Сахабалар сабағы
Аббас түрегелген күйі: «Ей, Омар! Ол там – менің
тамым. Ал жаңағы астауды Хазірет Мұхаммед
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
өз қолымен сол жерге қойған еді ғой, сенің
мына істегенің не?», – деп кінәлады.
Омар «пайғамбарымыз өз қолымен қойып еді» де-
ген сөзді естігенде-ақ бойдағы бар әл-дәрмені құрып,
жер сүзе құлағандай пұшайман халге түсті.
Омар өз ісіне қатты өкініш білдіре: – Уа, Аббас!
– дейді, – мен қазір сол тамның түбіне барып, басым-
ды жерге қоям, ал сен болсаң менің басымды аяғыңмен
басып тұрып жаңағы астауды орнына қоясың. Сен ол
астауды орнына қоймағанша мен басымды ол жерден
көтермек емеспін, – дейді.
Сөйтіп, соңында ескі астау өз орнына қайта
қойылды.
Иә, сахабалар хазірет Мұхаммедті
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
осынша-лықты жақсы көретін, тіпті оның әрбір
іс-әрекеті олар үшін бұлжымайтын қағидаға айналған
еді. Ирандықтар мен Византияны тізе бүктірген Омар
пайғамбарымыздың өз қолымен қойған астауына кел-
гендеқаншалықтыкішіпейілділіктанытып,майдайеріді
десеңізші?! Шіркін, біз де сүйікті пайғамбарымыздың
қандай да бір ісінің ұмытылмауында сахабалар
көрсеткен қырағылықтың сәл-пәлін болса да көрсете
алғанымызда екі дүниеміз де жұмаққа айналған болар
еді...
Адам тану
Омардың (р.а.) қасында бір кісі әлдебір дауға
қатысты куәгер болған еді. Омар оған: