Previous Page  88 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 88 / 208 Next Page
Page Background

88

Тағылым тамшылары

Бұл сөзге Хажжаждың берген мағыналы жауабы

мынау болыпты:

– Дұрыс айтасыңдар!АлайдаОмардыңбасшылығы

заманында Әбу Зәрр секілді халқы бар еді. Сендер

Әбу Зәрр секілді діндес бауырларының қамын жейтін

шынайы, жылы жүректі мұсылман болсаңдар, мен де

Омар секілді халықты ойлайтын әділ басшы болар

едім. Өздерің Әбу Зәррдай бола алмай тұрып, менен

Омар болуды күтпеңдер! Өйткені сендердің мына

кейіптеріңе қазіргі мен ғана лайықпын!

Пайғамбар қойған астау

Хазірет Омар (р.а.) бір күні Жұма намазына бара

жатып бір тамның қасынан өте бергенде там төбесінен

үстіндегі киіміне қан тамып кеткен еді. Ол бірден қан

тамшылап тұрған астауды тауып әлгі тамның үстінен

алып тастады, сөйтті де үйіне кері қайтып, үстіндегі

киімін ауыстырып қайта келді. Мешітке келген халыққа

намаз оқытып болған соң хұтбаның соңын ала бере

жиналған халыққа қаратып: «Әй, жамағат, мүминдерге

қиыншылық жасап отырған жайларыңыз бар, – деп ба-

стап, – мен сол қан тамшылаған астауды орнынан алып

тастадым», – деп сөзін аяқтайды. Хазірет Омар сөзін

бітірместен мешіт ішінен біреудің «Әй, Омар! Сен не

бүлдірдің?» деген айғайлаған ащы даусы естілді. Бұны

айтқан адам Омардың ең қатты жақсы көретін досы Аб-

бас еді. Кезінде бір қуаңшылықтан қатты қысылғанда

«Аллаһым, бұл – пайғамбардың көкесінің қолы, бізге

сол қолдың құрметі үшін жаңбыр жаудыра гөр!» деген

тілек те осы Аббасқа қатысты айтылған-ды.