Previous Page  92 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 92 / 208 Next Page
Page Background

92

Тағылым тамшылары

Амр ибн Ас әлгі айтылған тілдей қағазға көз

тастағанда онда былай деп жазулы тұр еді:

«Аллаһтың құлы әрі мүминдердің басшысы Омар-

дан Мысырдың Ніл өзеніне!

Ей, Ніл! Егер сен осы уақытқа дейін өз күшіңмен

ағып келсең, онда бұдан былай ақпай-ақ қой. Алайда

құдіреті күшті бір Аллаһтың бұйрығымен ағып келсең,

онда Аллаһ тағаладан бұдан кейін де сені толассыз

ағызып, арнаңнан тасытуын тілейміз».

Хазірет Амр халифаның дегенін істеп, қағазды Ніл

өзеніне ағызды. Таңертең Ніл суының жеті-сегіз метр

көтерілгені сонша, арнасынан сыймай тасып кетті.

Сол күннен бері Ніл заңы әлі күнге дейін өзгерген

емес

16

.

Елден ерек елбасы

Грек елшісі Мәдина қаласына саяси бір кезде-

су мақсатында келді. Келген бойда мұсылман елінің

басшысы халифа Омардың сарайын сұрады. Кімнен

сұраса да бәрі: – Біздің халифаның барша жанды

сыйдырған көңіл сарайынан басқа ел қабылдайтын ар-

найы салдырған ешқандай сәнді сарайы жоқ. Тек қана

кедей-кепшіктіктердікі тәрізді кішкене ғана күркесі

бар, – десті.

Бұны естігенде грек елшісінің таңданысында шек

болмады. Қанша тиелген жүктері мен сыйлықтарын,

түйелерін-бәрін бос қоя беріп Омар Фаруқты іздей

бастады. Қала ішінен түк қалдырмай халифаны іздеп

жүріп өз-өзіне: «Мәссаған, демек адамдардың назары-

16

Тариху Мәдинати Димашқ, 44/337; әл-Бидая уән-Ниһая,

7/107