Previous Page  97 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 97 / 208 Next Page
Page Background

97

Сахабалар сабағы

болды екен?» деген ойға қалысты. Кім екенін ешкімге

сездірмей түн жарымына дейін дұшпан әскерімен жан

аямай арпалысқан бұл жүрегі түкті батырға таңдана

қараған Саад ибн Әби Уаққас маңайындағыларға: «Әбу

Мыхжан абақтыда болмаса мынау нақ соның өзі болу

керек, мінген аты да менің «Бәлкам» шығар, сірә», –

деген еді.

Әбу Мыхжан таң ата абақтысына оралып, шын-

жырын таққызды.

Саад ибн Әби Уаққас қораға бас сұққанда,

жылқысының қатты терлегендігін көріп, мәселенің

мән-жайына қанықты. Әбу Мыхжанның ерлігіне тәнті

болған Саад ибн Әби Уаққас артынша-ақ оны дереу

абақтыдан босатты. Әбу Мыхжан да тәубаға келіп, өз

қателіктері үшін кешірім тіледі

17

.

Тағдырдан тағдырға қашу

Хижреттің 17-18 жылдары Шам төңірегінде

«Әмуас» деп аталатын оба ауруы кең тарады. Ең

алғашқы шыққан жері Палестинаның Әмуас аймағы

болғандық-тан осылай аталған. Бұл жұқпалы ауру

әкелген кеселден 25 мың адамның өмірі қиылып, тіпті

үлкен сахабалардың қатарындағы Әбу Үбәйда ибн

Жәррах пен қоса Муаз ибн Жәбал да айықпас дерттің

қармағына іліккен-ді .

Сол жылы Омар (р.а.) Шамға бармақ болып жолға

шықты, оны ірі қолбасшыларымен бірге Шам әкімі

Әбу Үбәйда қала сыртынан күтіп алды. Бірақ Шамда

ауруының тарағанын естіген соң халифа мен сахаба-

17

Әл-Камил фи-т-Тарих, 2/475-76; әл-Бидая уә н-Нихая, 7/48-

49