Previous Page  103 / 208 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 103 / 208 Next Page
Page Background

103

Сахабалар сабағы

Періштелермен пәктелу

Сахабалардың бірі Ханзаланың (р.а) жаңа

үйленген ең алғашқы түні. Дәл сол түні таңға жуық

сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларын жинап

үлкен дайындықпен, исламға тұтқиылдан тап бер-

ген дұшпанға қарсы соғысқа жиналуды шұғыл түрде

бұйырды. Хабаршыдан соғыс хабарын естігенде Хан-

зала (р.а) да дереу киіне сала, ғұсыл дәретін алуға да

мұршасы келмей, апыл-ғұпыл соғыс майданы Ұхыдқа

қарай құстай ұшты.

Соғыс бітіп, мұсылмандар Мәдинаға қайта ба-

стады. Әркім-ақ аман қайтқан жақындарын іздеп жол

бойына тізілді. Бұлардың арасында үйленгеніне бір-

ақ күн болған, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) бұйрығына

мойынсұнып ертемен соғысқа аттанып, дұшпан

қолынан шейіттік шәрбатын ішкен Ханзаланың (р.а.)

жесірі де бар. Елдің бәрі жапа-тармағай аман қайтқан

өз жақындарын сұрастырғанымен, сахабалардан ешкім

тіл қатпастан жай ғана пайғамбарымызды мегзесті.

Сұралған сұрақтардың бәріне де Пайғамбарымыз өзі

жауап беріп келе жатты. Ең соңынан Ханзаланың (р.а)

әйеліне кезек келгенде, ол да Пайғамбарымызға имене

жақындаған күйі:

- Уа, Аллаһтың елшісі! Ханзала қайда?- деп

сұрады.

- «Ханзала шейіт болды»,- деп жауап берді ол.

Сол кезде Ханзаланың әйелі:

- Уа, Расулаллаһ! Менің сізге айтпағым, бәлкім,

отбасылық сыр болар. Кеше ғана үйленгенімізді

өздеріңіз де білесіздер. Түннен шыққандықтан күйеуім

таң ата ғұсыл дәретін алып үлгірместен соғысқа ат-